Қазақстанға жаңбыр жауады: 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» болжамына сәйкес Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді. Күн мен жылудың орнына күн бұлтты, жаңбырлы ауа райы келеді.

Қазақстанның басым бөлігінде циклон әсерінен жаңбыр жауады, солтүстікте қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ, солтүстік және орталық аудандарда температураның төмендеуі күтілуде. Оңтүстік өңірлердің кей жерлерінде найзағай күтіледі.

«Қазгидромет» агенттігінің мәліметінше, 16 қыркүйекте күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырауда батыстан, солтүстік-батыстан 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, шаңды дауыл соғады, батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Ақтауда батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді. Қызылорда облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Көкшетауда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Шымкентте батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түркістанда батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақмола облысында ертең оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде 23-28 м/с жел соғады. Нұр-Сұлтанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Өскеменде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Семейде күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. 16-17 қыркүйекте кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жауады, оңтүстік-батыстан жел соғады, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда 16-17 қыркүйекте найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, тәулік 16, 17 қыркүйекте түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Добавить комментарий