Нұр-Сұлтанда IT-кеңес пайда болды

Алтай Көлгінов карантин кезінде жедел медициналық жәрдем станциясының, телемедицинаға көшкен медициналық ұйымдардың жұмысын жеңілдеткен бірқатар қосымшалар мен базалар құрылғанын еске салды.

«Цифрлық технологияларды одан әрі дамыту және өміріміздің барлық аспектілеріне енгізу үшін тәжірибе алмасуға, жобаларды талқылауға және жаңа трендтерді анықтауға шоғырланатын IT-кеңес құрды», — деп хабарлады әкім Astana IT University базасында технологияларды дамытуды талқылау кезінде.

Елордалық мектептерде STEM-технологиялар орнатылады, бұл оқушыларға 3D нысандар құруға, роботтарды модельдеу, ғылыми-техникалық білімді тәжірибеде бірден қолдануға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, инженерлік желілерді цифрландыру жұмыстары жүргізілуде.

«Бұл жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге, қажет болған жағдайда қуатын арттыруға, тәуекелдерді азайтуға және т.б. мүмкіндік береді. Қаланың 50 пайызы цифрландырылды», — деді әкім.

Сондай-ақ, ол «Сергек» камераларының арқасында ЖКО санын 20 пайызға, жолдардағы өлім-жітімді 40 пайызға төмендетуге мүмкіндік берген деректерді келтірді:

«Қазір басқа ведомстволардың әріптестерімен бірлесіп «Қауіпсіз аула» жобасын жүзеге асырудамыз. Бұл ұрлық, бөтен мүліктің бүлінуі және басқа да құқық бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді. Қауіпсіздік — ең маңызды аспект «.

«Президенттің халыққа Жолдауында «цифрландыру — барлық реформалардың негізгі элементі», — деп жазды Алтай Көлгінов.

Добавить комментарий