20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: синоптиктердің болжамы

Синоптиктердің Қазақстан аумағы бойынша 20 қаңтарға арналған ахуал мен ауа райының маңызды құбылыстарының болжамы.

Солтүстік-батыс циклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде қар, оңтүстікте, оңтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады деп күтіледі, түнде жел күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматыдағы ауа райым болжамы: күндіз 3°С, бұлтты болады.

Нұр-Сұлтандағы ауа райы болжамы: күндіз -10°С, бұлтты болады.

Добавить комментарий