Нұр-Сұлтанда 1,6 мыңнан астам ақылы тұрақ орындары демонтаждалды

Нұр-Сұлтанда жергілікті биліктің шешімі бойынша әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан 1 мың 680 ақылы тұрақ орындары демонтаждалды.

Локациялар қала әкімдігінің тапсырмасы бойынша «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-мен қайта қаралды. Осылайша, ақылы тұрақтар әлеуметтік және басқа объектілердің жанында орналасқан 55 жер учаскесінен алынып тасталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мысалы, Сарыарқа ауданында 860 ақылы тұрақ орны, Алматы ауданында – 325, Байқоңыр ауданында – 107, Есіл ауданында 388 тұрақ орны жиналды.

Айта кету керек, ақылы тұрақ орындары орналасқан учаскелер қала меншігінде. 

«Жоба қаланың көлік стратегиясының бір бөлігі болып табылады, тұрақ орындарының тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік береді, автомобиль трафигін реттейді, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді және т.б. Жобаның басты мақсаты – көшелердің өткізу қабілетін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту», — делінген әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ақылы аймақтарда тұрақ күн сайын сағат 20:00-ден кейін, сондай-ақ, демалыс және мереке күндері тегін болады.

Добавить комментарий