Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Мемлекет басшысы қаржы-экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді

30 марта 05:27 / Опубликовано в Маңызды

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев елдегі қаржы-экономика саласындағы мейлінше өзекті мәселелер жөнінде кеңес өткізді.

Президент әлемдегі геосаяси жағдайдың құбылмалы болуы біздің экономикамызға айтарлықтай әсер еткенін атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен қаржы-экономика саласындағы мейлінше өзекті мәселелер жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорданың сайты.

Мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси жағдайдың құбылмалы болуы біздің экономикамызға айтарлықтай әсер еткенін атап өтіп, мемлекеттік органдардың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет екенін айтты.

«Жағдай күн сайын өзгеруде, өте құбылмалы кезең. Сондықтан біз барлық сын-қатер мен мүмкіндікті нақты әрі тез анықтап, әр қадамымызды нық басуымыз керек. Қабылданатын шешімдер барынша салмақты болғаны жөн. Бірақ, созбалаңға салмай, шұғыл шараларды қолға алуымыз керек. Қағазбастылыққа жол бермеу қажет», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиын барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов экономиканың қазіргі жағдайы мен оның дамуына қатысты болжамдар туралы баяндады. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты жөнінде есеп берді. Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің нақты параметрлері жайында мәлімет берді.

Сонымен қатар іс-шарада бюджет шығындарын оңтайландыру, көктемгі егіс науқанына дайындық барысы, экспорт саясатын дамыту, инвестиция тарту және көлік логистикасын жетілдіру, сондай-ақ Халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкімет пен Президент Әкімшілігіне еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне қатысты бірқатар тапсырма берді.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Ақорда, кеңес, Қасым-Жомарт Тоқаев

Читать ещё

Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады
ҚР Үкіметі бәсекелестікті дамыту үшін шаралар қабылдауға ниетті
Қытай: Жер сілкінісінен төрт адам қаза тапты

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Бір доллар үшін 470 теңге: Ұлттық банк маусым айында теңгенің күрт әлсіреуінің себебін айтты

    Қазақстан Ұлттық банкі ағымдағы жылдың маусым а...
  • 800 америкалық компания Украинаға қару-жарақ жасап шығаруға дайын

    800 америкалық компания Украинаға қару-жарақ жа...
  • Пара алған шенеунікке 10 жылға бас бостандығынан айырылды

    Ақмола облысында шенеунік пара алғаны үшін 10 ж...
  • Қазақстан бітімгерлерді Африкаға жібереді

    ...
  • Мадридте Түркия мен АҚШ президенттері кездесті

    Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мадридте ...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: