Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирус бойынша «қызыл аймаққа» қайта оралды

Бүгіннен бастап, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың 10 наурыздағы матрицасына сәйкес, Алматы мен Нұр-Сұлтан коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша қызыл аймаққа енді.

«Сары» аймақта Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары тұр. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Алматы ұзақ уақыттан бері коронавирустың жаңа жағдайларының өсімі бойынша көш бастап келеді. Елордада өткен тәулікте науқастардың саны айтарлықтай көбейіп кетті.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, R коэффициенті (жұқтырудың репрезентативтілігі) — 1-ден жоғары және соңғы 7 күнде сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға 47,5 науқастан келген. Жаңа жағдайлардың 23%-ы сауда орталықтары мен сауда үйлеріне, 22%-ы қоғамдық көліктерге тиесілі.

Сонымен қатар, елорданың бас санитарлық дәрігер бұрын жарияланған карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді. Осылайша, мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші сыныптарда балалар саны 15-тен 25-ге дейін ұлғайтылды, ал сауналар мен СПА-орталықтар және жабық бассейндерге уақыт бойынша шектеусіз, штаттық режимде жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Добавить комментарий