
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға байланысты енгізілген барлық карантиндік шектеу шаралары алынып тасталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният ОКҚ-да өткен брифингте еліміздің барлық өңірінде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын мәлімдеді. Осыған байланысты барлық карантиндік шектеу шаралары алынып тасталды.
Ажар Гиният бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын хабарлады.
Оның айтуынша, елімізде орта есеппен тәулігіне 10 шақты КВИ жағдайы тіркеледі. Науқастардың 95% -дан астамы жазылып шықты.
Өздеріңіз білетіндей, ВАК отырысында шектеу шараларын жеңілдету мәселелері қаралды — бүгінгі таңда елімізде барлық карантиндік шаралар алынып тасталды. ДДСҰ мәліметінше, соңғы аптада әлемде КВИ жұқтыру көрсеткіші 12%-ға төмендеген, — ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният.
Айта кету керек, 17 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанның үш өңірінде бір тәулікте коронавирустық инфекцияның алты жаңа жағдайы анықталды.