Мызғымастық киіз үй: Қазақстан украиналық азаматтарға көмек көрсетті

Киев облысы Буча қаласында бірегей киіз үй тігілді.

Буча қаласының билігі Қазақстан Елшілігі мен қазақстандық кәсіпкерлердің қолауымен қалада киіз үй түріндегі мызғымастық пункті орнатылғанын хабарлады.

«Мызғымастық киіз үйде» жергілікті тұрғындарға палау, шай және тәтті-дәмділер беріп, жергілікті музыканттар өнер көрсетті.

Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің қолдауымен Бучадағы аудандардың бірінің тұрғындары РФ-ның Украинадағы энергетикалық инфрақұрылымына шабуылына байланысты электр энергиясының өшуі кезінде жылыну үшін келе алады. Киіз үй генератормен жабдықталған және ұлттық нақышпен көмкерілген .

Фото: Украинада Қазақстанның қолдауымен мызғымастық киіз үйі тігілді

«Бүгін біздің қазақстандық достарымыздың, депутат Сергей Нагорняктың, Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қолдауымен Oleksi Tyhogy көшесінде «мызғымастық киіз үй» тігілді», — деп хабарлайды Буча қалалық кеңесінің хатшысы Тарас Шаправский.

Тарас Шаправский Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, киіз үй дәл осы Буча қаласына тігілгені жайдан-жай емес деп санайды.

Фото: Украинада Қазақстанның қолдауымен мызғымастық киіз үйі тігілді

Добавить комментарий