Мотоцикл мінген жасөспірім қаза тапты

Жетісу облысында 14 жасар жасөспірім қаза тапты. Ол Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылында мотоциклменжол апатына ұшырағаны хабарланды.

Қайғылы оқиға 2022 жылы 14 қыркүйекте болды.

Анықталғандай, мотоцикл мінген оқушы екінші дәрежелі көшеден басты көшеге шығып, Nissan Maxima автокөлігімен соқтығысқан.

Бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты.

ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Добавить комментарий