Павлодар облысында өліммен аяқталған жол апаты екі адамның өмірін қиды

Павлодар облысының Жол полициясы департаменті Павлодар облысында болған ауыр ЖКО туралы хабарлайды.

Жол апатынан екі адам қаза тапты. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды.

Оқиға туралы толығырақ: кешкі сағат 21:20 шамасында Ленинский — Русская Поляна автожолының 117-ші шақырымында, Ақтоғай ауданы Қараой ауылының маңында 35 жасар Pedo мотоциклінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен 55 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды, — деді облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Мотоциклдің тағы бір жолаушысы, 46 жастағы ауыл тұрғыны алған жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Автокөлік пен мотоцикл айыппұл тұрағына қамалды. Тексеру жүргізілуде.

Сол күні Тереңкөл ауылында 48 жастағы «ВАЗ 2104» автокөлігінің жүргізушісі 64 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Егде жастағы адам дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Айта кету керек, биылғы жылдың сегіз айында Павлодар облысы аумағында 369 ЖКО тіркелген, нәтижесінде 32 адам қаза тауып, тағы 515 адам жарақаттанған.

Добавить комментарий