Молдованың экс-президенті жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Молдованың экс-президенті Игорь Додон үш тәулікке қамауға алынды. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Молдаваның бұрынғы президенті Игорь Додон сейсенбі күні жемқорлық туралы істі тергеу аясында үйінде жүргізілген тінтуден кейін ұсталды.

Бұл туралы тілшіге Молдова Бас прокуратурасының ресми өкілі Мариана Керпек хабарлады.

«Молдова Республикасының экс-президенті 72 сағатқа ұсталды», — деді Керпек.

Сондай-ақ, Додонның үйіндегі тінту жұмыстарынан кейін екі күдікті ұсталды, олардың есімдері тергеу мүддесі үшін хабарланбауда.

Сейсенбі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура басшысының міндетін атқарушы Елена Казакова Додонның және басқа да бірқатар адамдардың үйінде тінту жүргізілгенін хабарлаған. Тергеу амалдары нәтижесінде құжаттар мен ірі сомадағы ақша тәркіленді, деп атап өтті Қазақова.

Оның айтуынша, үйлердің бірінен партиялық символика бейнеленген конверттен ақша табылған. Ол бұл істер бойынша барлығы екі адам ұсталғанын нақтылады.

Прокуратураның мәліметінше, тінту 324-бап (пассивті жемқорлық), 1812-бап (саяси партияны қаржыландыруды қылмыстық ұйым деп тану), 337-бап (мемлекетке опасыздық) және 330/2-бап (заңсыз баю) көзделген қылмыс жасады деген күдікпен қозғалған істер шеңберінде жүргізілді. Ведомство атап өткендей, аталған құқық бұзушылықтар 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жалғасқан.

Добавить комментарий