Грозныйда террористердің қолынан полиция қызметкері қаза тапты

Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында лаңкестердің шабуылы кезінде қаза тапқан полицейдің жанұясы мен жақындарына көңіл айтты.

«Дүйсенбі күні пышақтармен қаруланған екі лаңкес Грозный орталығында қызметтік міндетін орындау кезінде ПБҚ қызметкерлерінің қаруын тартып алмақшы болған. Полиция қызметкері қаза тапты. Сарбаздар жауап ретінде қарсы оқ атып шабуылдаушылардың көзін жойды.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының бір қызметкері зардап шекті. Оның жағдайы тұрақты.

Азаматтық тұрғындар арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бұзақылардың жеке басы анықталды. Олар 2012 жылы Шешен Республикасына көшіп келіп, наубайханалардың бірінде жұмыс істеген Ингушетия Республикасының тумалары Хасан мен Хусейн.

Қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасыларына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын».

Добавить комментарий