Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) қатысушы елдердің сыртқы саяси ведомстволарының консультациялары өтіп жатыр, деп хабарлайды БЕЛТА тілшісі.
Бұл кездесу 19-20 маусымда Минскіде өтетін ҰҚШҰ елдері Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына дайындық болмақ. Беларусь делегациясын консультация барысында сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары Юрий Амбразевич басқарды.
Амбразевичтің айтуынша, аталмыш кеңес ҰҚШҰ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, соның ішінде халықаралық аренадағы ынтымақтастықты, сондай-ақ ұйымның даму перспективаларын талқылауды келісуге және пікір алмасуға жақсы мүмкіндік береді.
«Беларусь тарапы ұсынған осы консультациялар форматы былтыр ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттер үшін халықаралық күн тәртібінде өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Беларусь Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. «Консультациялар барысында тараптар ҰҚШҰ-ның БҰҰ, ТМД және ШЫҰ сияқты басқа да халықаралық ұйымдармен диалогын дамыту бойынша болашақ қадамдарға қатысты пікір алмасады. Сондай-ақ, ұйым мен оған мүше мемлекеттердің талдамалық әлеуетін нығайтуға байланысты мәселелер қаралуда».