Қазақстан Президенті ЕЭК өкілдерін марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) бес мүшесін марапаттады.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ұлттық реттеушісінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Президенті Қ-Ж. К. Тоқаевтың Жарлығымен 2021 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен ЕЭК өкілдері марапатталды», — делінген хабарламада.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Арман Шаққалиев «Құрмет» орденімен марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі хатшылығының басшысы Ілияс Ыбыраев пен ЕЭК техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Тимур Нұрашев марапатталды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен ЕЭК протоколы және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары Данияр Жақсылық және ЕЭК ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті директорының орынбасары Қуаныш Елікбаев марапатталды.

Добавить комментарий