Меркель НАТО мен Ресейдің диалогын қолдайды

ГФР канцлерінің міндетін атқарушы Ресей мен НАТО-ның қарым-қатынасына сызат түскеніне қарамастан диалогты жалғастыруы тиіс деп санайды.

Ресей мен НАТО-ның қарым-қатынасы суығанына қарамастан диалог жалғасуы қажет. Бұл туралы Берлинде ГФР канцлерінің міндетін атқарушы Ангела Меркель альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергпен келіссөздер алдында мәлімдеді.

«Мен әрқашан Ресей мен НАТО арасындағы диалог орнауын қолдадым», — деп атап өтті ол. «Түсініспеушіліктер бар, дегенмен пікір алысқанымыз абзал», — деді Меркель.

Министрлер кабинеті басшысының міндетін атқарушы арадағы қарым-қатынас «суығанын» айтты. «Ресей мен Украина арасындағы кикілжің, Белорусь пен Польша, Литва және Латвиямен шекарасындағы мәселелер бізді алаңдатады», — деп толықтырды Меркель.

Добавить комментарий