АҚШ Мемлекеттік департаменті «Вагнер» Жеке әскери компаниясын бейтараптандыру мәселесімен айналысып жатқанын хабарлады. Хабарланғандай, ЖӘК белсенді әрекет ететін барлық елдерде аталған мәселеге күш салынады.
Бұл туралы AP басылымы АҚШ Мемлекеттік департаментінің кеңесшісі Дерек Чолленің Сербияға сапары кезінде президент Александр Вучичпен кездесуінің қорытындысы бойынша жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
«Біз «Вагнер» ЖӘК Сербия мен басқа да елдердің сарбаздарын жалдауға тырысып жатқанын көрдік және бұған көз жұма қарап отыруға болмайды деп есептейміз. Мен (Сербияда — ред.) алаңдаушылық танытып отыр ма, жоқ па, білмеймін, біз өзіміздің алаңдаушылығымыз туралы айтқан болатынбыз, және осы жерде, Белградта және «Вагнер» белсенді әрекет етіп жатқан басқа да жерлерде олардың жолын кесу үшін үкіметпен ынтымақтасуға асыға күтеміз».
Чолле «Вагнер» бүкіл әлем бойынша Ливия, Орталық Африка Республикасын болсын немесе қазір Украинада болсын аяусыз әрекет ететінін атап өтті.
Бұған дейін «Politico» басылымы АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі «Вагнер» жеке әскери компаниясының Украинадан тыс, атап айтқанда Африка елдеріндегі қызметі туралы барлау ақпаратын жинауды жандандырып, оны Ресейдің ықпал ету операцияларына пайдалануы мүмкін деп қауәптенетінін хабарлаған болатын.