Минскіде наразылық акциясы кезінде «Беларусь аруы» ұсталды

БАҚ-тың хабарлауынша, Минскіде наразылық шаралары кезінде «Беларусь аруы — 2008» Ольга Хижинкова ұсталды.

33 жастағы сұлулық патшайымын Минскідегі «Сошествия Святого Духа» кафедрасының жанында қауіпсіздік күштері ұстағаны белгілі. Ол елорданың Заводское АІІБ-не жеткізілген.

Сондай-ақ, жаппай наразылықтар басталмай тұрып «Беларусь аруы — 2008» саяси қуғын-сүргінге қарсы шыққаны белгілі.

«Ресми тұрғыдан кез келген пікір диверсия және арандатушылық болып есептелсе, еркіндіктің құны не. Виктор және Эдуард Бабарикоға бостандық», — деп жазды ол өзінің Instagram-де маусым айында.

8 қарашада Беларусь астанасында құқық қорғаушылардың алдын ала есебі бойынша жеті жүзге жуық адам ұсталған. БАҚ мәліметінше, олардың арасында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, жеңіл атлет Андрей Кравченко мен кикбоксер Иван Ганин де бар.

Сондай-ақ, Беларусьте 8 қарашада жаппай ұстау шаралары күш қолданумен және балаклавадағы адамдарды ұрып-соғумен қатар жүрді, деп жазады жергілікті БАҚ. Кейбір жағдайларда күштер жаңа тактикаға жүгінді.

«Адамдарға адам сияқты қарым-қатынас жасаңдар, елге рақмет айтыңдар, құртпаңдар», — деді олар ұстауды тоқтатпай. Белсенділер өз кезегінде: «Фашистер», «Ұят қайда!» деп айғайлады.

Естеріңізге сала кетейік, Беларусьте жаппай наразылық шарасы тамызда өткен президент сайлауының нәтижесі жарияланғаннан кейін басталды. Ресми мәлімет бойынша, оларда Александр Лукашенко жеңіске жеткен. Светлана Тихановская бастаған оппозиция сайлау нәтижесін мойындамайтынын жариялады. Бірқатар елдер де осындай мәлімдеме жасады.

Ал 6 қарашада Еуроодақ президенттік сайлау науқаны кезінде және сайлаудан кейін саяси оппоненттер мен бейбіт шерушілерге қарсы қуғын-сүргінге, сондай-ақ журналистерді қорқытуға жауапты деп саналатын Лукашенконы қоса алғанда 14 Беларусь азаматына қарсы жеке санкциялар енгізді.

Добавить комментарий