Мемлекеттік департамент пен Пентагон Украинаға ATACMS зымыран жеткізу ұсынылды

Вашингтон, АҚШ: CNN дереккөздерінен алынған ақпаратқа сәйкес, Мемлекеттік департамент пен Пентагон АҚШ президенті Джо Байденге Украина билігіне алыс қашықтыққа ұшатын ATACMS зымырандарды жеткізу мәселесін қарастыруды ұсынып отыр. Олар Украинаның тым баяу жүріп жатқан қарымта шабуылына қарқын береді деп санайды.

Алайда зымыран жеткізу туралы түпкілікті шешім әзірге қабылданған жоқ. Киев билігінің үмітіне қарамастан, АҚШ әкімшілігі 19 қыркүйекте басталатын БҰҰ-ның жоғары деңгейлі Бас Ассамблеясында осындай маңызды шешім қабылдау үшін уақыт тым қысқа екенін айтып отыр.

300 шақырымға дейін ұшатын зымырандарды HIMARS дүркіндете ататыын реактивті жүйесінің көмегімен ұшырылуы мүмкін. Киев Вашингтоннан бірнеше рет ATACMS зымырандарын беруді сұраған.

Бұған дейін Reuters агенттігі Украинаға ATACMS зымырандарын немесе кассеталық оқ-дәрілермен жабдықталған GMLRS зымырандары жеткізілуі мүмкін екенін хабарлаған болатын. ABC телекомпаниясының ақпараты бойынша, Құрама Штаттар Украинаға әскери көмектің келесі пакетіне ATACMS-ты қосулы қарастыруда. Алайда Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Мэттью Миллер Украинаға зымыран жеткізуге қатысты АҚШ-тың ұстанымына әзірге өзгерістер болған жоқ деп атап өтті.

 

Добавить комментарий