Мемлекеттік департамент Грузия Ресеймен әуе қатынасын қайта жандандыратын болса АҚШ-тың санкциясы ілінуі мүмкін деп ескертеді

АҚШ мемлекеттік департаменті Грузия Ресеймен әуе қатынасы қайта жанжандыратын болса, онда санкцияға ілінуі мүмкін екенін ескертті.

АҚШ әкімшілігі алаңдаушылығын білдіріп, Грузия мен Ресей арасындағы тікелей авиациялық тасымалдарды қалпына келтірілуіне жауап ретінде біржақты санкциялар қаупі туралы Грузия үкіметі мен жеке секторды ескертті.

«Грузиядағы ресейлік ұшақтарға қатысты көптеген батыс елдері, соның ішінде Құрама Штаттар, ресейлік әуе тасымалдаушыларына өз әуе кеңістігіне кіруіне тыйым салады. Біз Ресей мен Грузия арасындағы тікелей рейстердің қайта жандануына алаңдаулымыз. Батыс мемлекеттері тарапынан грузиялық әуе компаниялары мен әуежайларға қатысты санкциялар салынуы мүмкін», — деп мәлімдеді Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Мэттью Миллер дүйсенбі күні журналистерге арналған тұрақты брифингте.

«Қазіргі уақытта Ресеймен өзара іс-қимылды дамыту үшін қолайлы сәт емес», — деп атап өтті америкалық ведомствоның өкілі.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі басшысының орынбасары Ведант Пател мамыр айында грузиялық компанияларға қатысты санкция салу мәселесін жария түрде талқылаған болатын.

Добавить комментарий