Энтони Блинкен Қазақстанға сапармен баратынын жариялады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-49106-1677501703-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға сапармен баратынын жариялады.

Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында хабарлады. Блинкен Орталық Азиядағы серіктестік қарым-қатынастардың дамуын асыға күтетінін атап өтті.

«Бүгін мен Қазақстанға, Өзбекстанға және Үндістанға сапарға барамын. Бұл менің Қазақстан мен Өзбекстанға министр лауазымындағы бірінші сапарым болады және мен Орталық Азиядағы серіктестік қарым-қатынастарымыздың дамуын асыға күтемін. Сол жерден мен Үндістанға G20 СІМ басшыларының министрлік кездесуіне барамын», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Қазақстанға сапармен келетіні 24 ақпанда белгілі болды. ҚР СІМ атап өткендей, 28 ақпанда Астанада Блинкеннің қатысуымен С5+1 форматында Орталық Азия мен АҚШ елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының министрлік кездесуі өтеді. Күн тәртібінде өңірлік ынтымақтастықты және АҚШ-пен серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері тұр.

Бұған дейін Блинкен Қазақстан туралы сөз қозғаған болатын. Мемлекеттік хатшының айтуынша, Құрама Штаттар Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтейді.

Добавить комментарий