АҚШ СІМ Белорусьтегі саяси тұтқындарды босатуға қатысты пікір білдіре отырып, «тым көп саяси тұтқындар темір тордың ар жағында отыр» деп мәлімдеді.
АҚШ Сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметінің басшысы Нед Прайстың жексенбі күні жарияланған мәлімдемесінде Вашингтон Беларусьтегі саяси тұтқындарды босатуды құптайтыны айтылған.
«Құрама Штаттар Белорусьте бірнеше саяси тұтқынның босатылуын құптайды, соның ішінде «Азаттық Еуропа радиосы/Азаттық радиосы» [радиостанциясының] журналисі Олег Груздилович (РФ-да БАҚ-шетел агенті деп танылған) бар. Аталған саяси тұтқындарды босату дұрыс бағытта жасалған қадам болғанымен, Белорусьте тым көп саяси тұтқындар темір тордың ар жағында отыр, — делінген құжатта. — Біз барлық саяси тұтқындарды ешқандай шартсыз дереу босатуға шақырамыз».
Минскте сот наурыз айында Груздиловичты бір жарым жылға бас бостандығынан айырды. Ол 2021 жылдың желтоқсанында ұсталды. Оппозиционерге ҚК-нің 342-бабы «Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын әрекеттерді ұйымдастыру және дайындау немесе оларға белсенді қатысу» бойынша қылмыстық іс шеңберінде айып тағылды. Айыптаудан белгілі болғандай, Груздилович президенттік сайлауға байланысты туындаған наразылық акциялары кезінде, атап айтқанда, коллонаның қатарында қарсы жолаққа шығып, қоғамдық көлік жұмысына кедергі келтірген және мессенджерлер мен әлеуметтік желіде заңсыз жаппай іс-шараларды өткізуге шақырған.