Молдова: Ұлттық банкте тінту жұмыстары жүргізілді

Прокурорлар €1 млрд жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша Молдова Республикасының Ұлттық банкінде тінту жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді

Жергілікті БАҚ бұл іс таратылу процессінде тұрған Unibank-тің бұрынғы арнайы әкімшісіне қатысты екенін хабарлады

Прокурорлар елдің банк жүйесінен 1 млрд еуроны жымқыру ісі бойынша Молдова Ұлттық банкінде (МҰБ) тінту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы сейсенбі күні TV8 телеарнасы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және ерекше істер жөніндегі прокуратураның баспасөз хатшысы Эмил Гайтурға сілтеме жасап хабарлады.

«Прокуратура қызметкерлері Молдова Ұлттық банкі кеңсесінде тінту жұмыстарын жүргізуде», — делінген хабарламада. Прокуратура егжей-тегжейлі мәліметтерді кейінірек жария етуге уәде берді, бірақ телеарнаның дереккөздері бұл іс таратылу процессінде тұрған бұрынғы Unibank-тің арнайы әкімшісіне қатысты екенін хабарлайды.

Өткен жылы банктерден қаражат жымқыру фактісі бойынша алты адам, оның ішінде МҰБ-тың бұрынғы төрағасы Дорин Дрэгуцану, оның орынбасары Эмма Табырцэ, қазіргі вице-төрағалар Ион Стурзу мен Аурелиу Чинчлей, сондай-ақ басқа да жауапты тұлғалар ұсталған. Оларды сөз байласып алаяқтық пен аса ірі көлемдегі ақшаны жылыстатты деген айып тағылды.

Молдавияның банк жүйесінен шамамен €1 млрд-тан астам қаражатты жымқыру фактісіне байланысты 2015 жылы сыбайлас жемқорлық дауы шығып, бұл наразылық акцияларына ұласып, екі үкіметтің және АҚШ пен ЕО қолдауына ие болған билеуші коалиция еуропашыл парияның кетуіне алып келді. Молдавия үкіметінің өтініші бойынша банктегі жымқыру ісі бойынша тергеу жүргізген Халықаралық Kroll детективтік бюросының баяндамасында, қаражат бизнесмен Илан Шор бақылайтын Banca de Economii, Banca Sociala және Unibank арқылы шығарылғаны жазылған. Ұрланған қаражат әлі табылмады, оларды қайтару жауапкершілігі мемлекеттік бюджетке жүктелді.

Добавить комментарий