Мектеп директоры оқушыларды вакциналауға мәжбүрледі

Шығыс Қазақстан облысында мектеп директоры оқушыларды вакциналауға мәжбүр етті. Оған қатаң сөгіс жарияланды.

Шығыс Қазақстан облысында вакцина салдырудан бас тартқан оқушыларға айқайлап ұрсқан мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды. Ол педагогикалық әдеп нормаларын бұзды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.

Әлеуметтік желілерде Үржар ауданындағы Момышұлы атындағы орта мектептің директоры оқушыларды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға мәжбүрлеп ұрсып жатқан аудиожазба тарап жатыр.

«51 мектептің 49-ы вакцинациядан өтті. Не себеп? Неден қорқып отырсыңдар? Неге вакцина салдыруға бармай жүрсіңдер? Тура қазір барыңдар!»- дейді директор аудиожазбада.

БҒМ атап өткендей, осы оқиғаға байланысты өңірдің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті тексеріс жүргізді.

Белгілі болғандай, келесі күні директор кешірім сұраған.

«Алайда, педагогикалық этиканың бұзылуына байланысты ШҚО әкімдігі білім басқармасы мектеп директорын қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады. ШҚО Білім басқармасы педагогикалық әдеп нормалары мен ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру әңгімелерін өткізді», — деп толықтырды министрліктегілер

Ведомствода атап өткендей, мектептер заң жүзінде әкімдіктердің тікелей бағынысында екенін атап өтеміз, сондықтан балалар мен педагогтердің құқықтары бұзылған, сондай-ақ мұғалімдерді тән емес функцияларды орындауға тартқан жағдайда жергілікті білім басқармаларына немесе қажет болған жағдайда ҚР білім және ғылым білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге жүгіну керек.
.

Добавить комментарий