Алматы: Ер адамға механикалық жүрек орнатылды

Алматыда дәрігерлер механикалық жүрек орнату бойынша күрделі ота жасады.

Науқас — 60 жастағы алматылық Ғаппар Қалиев.

Кардиология ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Рүстем Төлеутаев ер адамға заманауи құрылғы — жасанды сол жақ қарынша — механикалық сорғы имплантацияланғанын хабарлады.

Аталып өткендей, мұндай операция өңірімізде алғаш рет жасалды.

Енді операциядан кейін ол отбасымен бірге дәрі-дәрмек қабылдау және тұрақты медициналық көмек көрсету ережелерін қатаң сақтауы керек.

Оның айтуынша, соңғы 2 жылда ол жүрек жеткіліксіздігінен зардап шекті. Ал қазір сәтті жүргізілген операциядан кейін өзін жақсы сезіне бастады.

Қазір жасанды жүрек алу үшін кезекте тағы бір науқас бары берлігі болды. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайын операцияға жарамды деп танығаннан кейінота жасалады.

Добавить комментарий