Марат Бәшімов: «Парламент, азаматтық қоғам мен БАҚ үшін ашық — біздің қалағанымыз осы»

Жаңа Парламент азаматтық қоғаммен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтасады деп ойлаймын. Мұндай пікірді «SAILAU – 2021: алғашқы қорытындылар» сарапшылық талқылауында Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Марат Бәшімов білдірді.

«2001 жылы Парламентке келгенімде таң қалғаным бар. Онда тек ақсақалдар болды, бірде-бір институт болмады. Мен сол кезде жастар қашан келеді, жағдай қашан өзгереді, өкілдік орган қашан басқа форматта болады екен деп ойлайтын едім. Қазір мен үшін бұл өте позитивті фактор, оны қолдаймын және оң бағалаймын. Менің ойымша, қандай да бір сабақтастық болуы керек», — деді Марат Бәшімов сарапшылық кездесуде.

Сарапшының айтуынша, жаңа Парламент ашық болуы және азаматтық қоғаммен кері байланысты күшейту керек.

«Барлық депутаттардың өмірбаянын көріп шықтым. Кейбіреулері праймеризден, басқасы өзара қарым-қатынастың түрлі салаларынан өтті. Кері байланыс бар. Соңғы жылдары атқарушы билік ашық болуға тырысты, барлық жерде министрлер сөз сөйледі. Енді Парламенттің түр-тұлғасы түбегейлі өзгереді деп ойлаймын.

Біз азаматтық қоғам мен БАҚ үшін ашық Парламентті көргіміз келеді. Ол азаматтық қоғаммен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтасады.

Қазір жаңғыртудың одан әрі жалғасы күтіп тұр. Құқықтық жүйеде маңызды іс-шаралар айтылады. Өткен сайлау бойынша олардың ашық өткенін айта кету керек. Қысым болғанын байқаған жоқпын. Мысалы, аязға байланысты дауыс берушілердің саны максималды 50% болады деп ойладым. Бірақ 63% болды . Халық өзінің саяси ерік-жігерін, конституциялық құқығын білдірді. Сондықтан сайлау сәтті өтті. 7 пайыздық кедергіні еңсерген партиялар өтті. Олардың мемлекетіміздің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға өз үлестерін қосады деп үміттенемін», — деп қорытындылады Марат Бәшімов.

Добавить комментарий