Малидің билігі ел аумағында ЖӘК орналастырғанын жоққа шығарды

Мали үкіметі Еуропа мен Канаданың ел аумағында жеке әскери компанияларды орналастырды деген айыптаулары негізсіз деп мәлімдеді.

Мали үкіметі Еуропаның бірнеше елі мен Канаданың Африка елінде жеке әскери компанияның (ЖӘК) бөлімшелерін орналастырды деп тағылған айыпты жоққа шығарады. Бұл туралы сенбі күні ел үкіметінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған мәлімдемеде айтылған.

Мали СІМ басшысы республиканың «Вагнер» ЖӘК-мен келісімшарт жасасқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Мәлімдемеге сәйкес, Мали Республикасының Үкіметі «осы негізсіз айыптауларды ресми түрде жоққа шығарады және дәлелдемелердің тәуелсіз дереккөздерден берілуін талап етіп отыр».  Ел Үкімет сондай-ақ «тарихи әріптесі Ресей Федерациясымен мемлекетаралық серіктестік орнатқанын» еске салып, «дақпырт ақпаратқа емес, іс-әрекетке сенуді» сұрады. Бұл ретте аталған мәлімдемеде ЖӘК «Вагнер» жайлы сөз болмады.

РФ СІМ басшысы Сергей Лавров 25 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мали билігі ресейлік ЖӘК-ге терроризмге қарсы күресте көмек сұрағанын хабарлады. Сонымен қатар, ол Мәскеудің бұл мәмілеге қатысы жоқ екенін атап өтті.

Қазан айының басында Франция Қарулы Күштері Бас штабының ресми өкілі полковник Паскаль Яни хабарлағандай, Сахель аймағында «Бархан» терроризмге қарсы операциясына қатысқан француз арнайы бөлімшелері Малиде «Вагнер» ЖӘК-ні байқамаған. Яни сондай-ақ «Мали билігі «Вагнер» ЖӘК-мен арадағы «келісімі жайлы білмейтінін» айтты.

Малиде 2020 жылдың тамызынан бері екі әскери төңкеріс болды. 2020 жылдың 18 тамызында болған төңкеріс кезінде ел президенті Ибраһим Бубакар Кейта биліктен шеттетілді. Полковник Ассими Гоита жетекшілігімен әскерилер тобы Мали Ба Ндаоны уақытша президент етіп тағайындады. Бірақ 26 мамырда оны тағайындаған әскерилер тобы орнынан алып тастады, бұл ретте Мали Конституциялық сотының қаулысымен вице-президенті Гоита өтпелі кезеңде мемлекет басшысы болатын болды.

Добавить комментарий