Иран мен Ресей әскери жаттығулар өткізіп жатыр

Иран мен Ресейдің Үнді мұхитының солтүстік бөлігіндегі әскери-теңіз жаттығулары дүйсенбі күні басталды. Бұл туралы РФ-ның Тегерандағы елшілігінің баспасөз атташесі Максим Суслов мәлімдеді.

«Оқу-жаттығу бүгін басталды. Біз мұны растаймыз», — деді ол.

Бұған дейін Иран армиясының баспасөз қызметі маневрлер 16 ақпанда басталатынын хабарлаған болатын.

2019 жылғы желтоқсанның соңында Иран, Ресей және Қытайдың Үнді мұхиты мен Оман шығанағында бірлескен әскери-теңіз жаттығулары өтті. Маневрлер төрт күнге созылған.

Добавить комментарий