Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) отырысында Максим Споткай:
«Ақпаратқа қол жеткізуге шектеу қойылғандықтан қоғам Денсаулық сақтау министрлігінің КВИ-ге қарсы күреске қаржыны қалай жұмсағанын білмейді»
Мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты ақпараттың басым бөлігі ашық болуы тиіс, деп мәлімдеді ҰҚСК мүшесі Максим Споткай. Ол бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ақпарат негізінен жабық қалып отырғанын атап өтті. Егер бұл заңда тікелей көрсетілмесе, мемлекеттік органдар оны ашпауға құқылы.
«Керісінше болуы керек. Мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты барлық ақпарат ашық болуы тиіс және оның кейбір бөлігіне қатысты ғана қолжетімділікті шектеуге болады. Әріптестердің айтуынша, қоғам денсаулық сақтау министрлігінің коронавируспен күресуге бөлінген қаражаттың қалай жұмсалғанын білмейді. Бұл қалыптасқан жағдайдың салдары. Жергілікті жерлерде мұндай жүздеген мысалдар бар», — деп атап өтті Максим Споткай.
Кеңес хатшылығына жіберілген ұсыныстарда ол мәслихаттардың олардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу туралы талаптарды сақтауын қамтамасыз ететін тетік құру қажеттігін атап өтті.
«Онлайн-трансляциялар туралы норма еленбейді, ашық отырыстар туралы ақпарат жарияланбайды. Азаматтық қоғам, ҮЕҰ өкілдері, БАҚ қызметкерлері осы мәселелерді шешуге бағытталған заңға нақты түзетулер енгізуді ұсынды. Әзірге олар жұмыс тобы аясында қабылданбады», — деп атап өтті ҰҚСК мүшесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің төртінші отырысы онлайн-режимде өтуде. ҰҚСК мүшелері мемлекеттік басқару реформасына, әлеуметтік және экологиялық проблемаларды шешуге, балалардың құқықтарын қорғауға, ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдауға байланысты мәселелерді талқылауда.