2 мамырда Франция Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегаты Оливье Бешт Франция президенті Эмманюэль Макронның арнайы сәлемін Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеткізді.
Тоқаевтың айтуынша, ол Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалап, Макронның Қазақстанға алғашқы ресми сапары барлық саладағы стратегиялық серіктестікке тың серпін беретініне сенімді екенін білдірді.
Тараптар сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға жасаған сапарының қорытындысы бойынша, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Тоқаев француз бизнесінің қазақстандық нарыққа кеңінен тарту үшін барлық қажетті жағдай жасауға дайын екенін білдірді.Бешт Тоқаевқа қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ екі ел арасындағы әріптестіктің одан әрі дамуына сенім білдірді.