Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мерейтойлық X жалпы отырысқа дайындық мәселелері талқыланды. Парламентшілер форумы биыл Қазақстанда жоспарланған болатын, алайда коронавирустың пандемиясына байланысты оны өткізу келесі жылға ауыстырылды.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жағдайының тұрақтануына сенім білдірді, бұл түркі тілдес елдердің парламентшілеріне де ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен оның перспективалық бағыттарын толық ауқымда талқылауға мүмкіндік береді.
ТүркПА бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Ассамблеяның қазіргі қызметі туралы хабардар етіп, оның жұмысы қазіргі жағдайға бейімделгенін атап өтті. Атап айтқанда, ТүркПА-ға мүше парламенттердің депутаттары ең алдымен денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасайды.
Тараптар түркітілдес елдер парламентшілерінің кең ауқымды мәселелер бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастығына сенім білдірді.