Интернетте Маңғыстау облысында тегін шөп тарату қалай өткенін түсірген видео таралып жатыр, онда көмекке кілең джиптер келгенін көрсе болады.
Еске сала кетейік! Маңғыстауға аштан қырылған малдар үшін еліміздің басқа өңірлерінен шөп жеткізілуде.
«Мына халықты қара. Отбасында алты адам болса, соның бәрі шөп алып жатыр. Мынаны қара, кілең джиптер, кілең байлар. Адамнан қарағанда көліктер көп. Недеген сұмдық! Недеген арсыз халық мынау!»- дейді видео авторы.
Малдардың жем-шөп тапшылығы проблемасы 2021 жылғы маусымда туындады. Ресми мәлімет бойынша, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында аштықтан екі мың мал қырылды. Ауыл шаруашылығы министрі Маңғыстауда жылқылардың жаппай қырылуына әкімдіктердің шалағай жұмысы себеп болған деді.