
Польша билігі ГФР-ның польшалық армияға Украинаға жөнелткен Т-72 орнына неміс танктерін бергісі келмей отырғанына шағымданып, НАТО мен АҚШ-тың Польша қорғаныс қабілетін қалпына келтіруге көмектесетініне үміт артып отыр. Бұл туралы сейсенбі күні Польша президенті Анджей Дуда Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
«Біз Украинаға көп танкі бердік, өте көп», — деп Дуда Варшавада «Украинаның көршілес ел болғаны үшін көмектесу міндет деп есептеп, осындай шешім қабылданғанын» атап өтті.
«Осылайша қорғаныс әлеуетімізді төмендетіп, қорларымызды қысқарттық. Біз НАТО, АҚШ, сондай-ақ Германия қолдау көрсетеді деген үміттеміз», — деп атап өтті ол.
«Қазір Польша әскерінің қару-жарақ қорындағы танктердің басым бөлігі — немістің «Леопард» танкілері. Егер бізді Германиядағы одақтастарымыз Украинаға берген танктердің орнына басқа танктердің партиясын жібергенде, біз риза болар едік. Олар уәде берген. Қазір Германия уәдесін орындағысы келмейтінін естіп отырмыз. Бұл бізге ауыр тиіп отыр», — деді Польша басшысы.