Қолайсыз ауа райына байланысты АҚШ пен Бразилияда мақта өнімі күтілгеннен төмен болып шықты. Бұл әлемдік мақта бағансыың өсуіне түрткі болды.
Анықтама! Бразилия мен АҚШ — мақтаның ірі экспорттаушылары.
Мақта өндіру саласындағы көшбасшы — Үндістан қазір мақтаны импорттауға мәжбүр. Bloomberg басылымы хабарлағандай, салдарынан мақта бағасы 30%-ға өсті, ал оның қоры қысқаруда.
Ашық ақпарат көздері хабарланғандай, Үндістан нөсер жаңбыр мен зиянкестердің салдарынан мақта қорын импорттауға мәжбүр болды, Қытай аптап ыстыққа байланысты алдағы астық жинау науқанына алаңдаушылық танытып отыр, деп жазады агенттік. АҚШ пен Бразилияға әлемдік мақта экспортының жартысы тиесілі. АҚШ-та құрғақшылық салдарынан мақта өндірісі 10 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет ең төменгі деңгейге дейін төмендеуі мүмкін. Екінші ірі экспорттаушы — Бразилия да аптап ыстық пен құрғақшылықпен күресуде, Олар астық түсімін 30%-ға дейін азайтты.
Abrapa компаниясының мәліметінше, Бразилияда 200 000 тоннаға жуық мақта қоры нашарлап қалған, өндіріс 2,6 млн тонна немесе одан аз деңгейде. Bom Futuro өндірушісі мақта түсімі өткен маусыммен салыстырғанда 27%-ға төмендегенін хабарлады.
Болжам бойынша, алдағы айларда өндіріс көлемінің қысқаруы мақта бағасының қымбаттауына алып келеді. Биыл бағаның өсуі киім жеткізушілердің маржасын қысқартты, бұл «футболкалардан бөлек, тоқыма, қағаз және картонның» қымбаттауына алып келуі мүмкін, деп хабарлайды агенттік.