КТК телеарнасының ірі акционері сомасы 1,2 млрд теңге болатын акцияларын сатып алды

КТК Нұрсұлтан Назарбаев қоры сомасы 1,2 млрд теңге болатын акцияларды сатып алғаны туралы ақпаратты ресми түрде растады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«КТК телеарнасы 14 наурызда өз акционерлері арасында бір данасы үшін 500 теңге тұратын 2 622 850 жай акция орналастырды, оның ішінде 2 396 156 акцияны КТК телеарнасының ірі акционері коммерциялық емес ұйым -» Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қоры сатып алды. Мәміле КТК телеарнасын жаңғырту және дамыту мақсатында жасалды», — деп мәлімдеді телеарна сәрсенбі күні.

Осылайша, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев құрылтайшысы болып табылатын қор КТК акцияларын 1 198 078 000 теңгеге сатып алды.

Добавить комментарий