Ресми мәлімет бойынша, партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Оның ішінде 77 кандидат ішкі праймериздің қорытындысы бойынша, 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды.
Кандидаттардың жалпы тізімінен Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-дан аспайды, мемлекеттік басқару өкілдері — 13%, білім және денсаулық сақтау саласы — 12%, үкіметтік емес ұйымдар — 9% және өнеркәсіп — 8% құрайды. Сонымен қатар, 28% — экономистер, 20% — заңгерлер, 17% — кәсіпкерлер. 21 кандидаттың ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы ғылым докторы, 11-і – ғылым кандидаты. Тізімнің үштен біріне жуығы — әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы алдыңғы партиялық тізіммен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жасты құрады.
Естеріңізге сала кетейік, «Nur Otan» партиясының праймеризіне 10 мыңнан астам үміткер қатысты. Жалпы республикалық онлайн-дауыс беруге 662 мыңнан астам адам немесе барлық нұротандықтардың 84%-ы қатысты.
Оның қорытындысы бойынша 6253 адам «Nur Otan»-ның барлық деңгейдегі 216 мәслихатқа арналған партиялық тізіміне енді.
Талдау көрсеткендей, өңірлік партиялық тізімдерде әйелдердің үлесі 22-ден 34%-ға дейін, жастардың үлесі 3,5 есеге, 7-ден 24%-ға дейін өсті. Орташа жасы мәслихаттардың қызметтегі құрамымен салыстырғанда 7 жасқа – 51-ден 44-ке дейін жасарды. Партиялық тізімдердің 24%-ын мәслихаттардың қазіргі депутаттары, ал 76%-ын жаңа тұлғалар құрайды. Бұл ретте партияға 42 мыңнан астам жаңа мүше қосылды. Олардың 1000-нан астамы партияішілік сайлауға қатысып, әрбір 3-ші «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енді.
Праймериз барысында халықтың белсенді қатысуының арқасында «Nur Otan» партиясының 216 сайлауалды өңірлік бағдарламасы талқыланып, қабылданды. Онда азаматтардан түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді.