Отставкадағы ФСБ генерал-майоры Ресей астанасының орталығында өлі күйінде табылды.
Бұл туралы ресейлік бұқаралық ақпарат көздерінде хабарланды.
Ол 1946 жылы туған Евгений Лобачев. Оның денесі Мәскеудің орталығындағы үйдің баспалдағынан табылды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам өзін-өзі өлтірген.
Хабарламада генералдың әйелі мен туысы оның жоғалғаны туралы полицияға жүгінгені көрсетілген.
Сол күні әйелінің айтуынша, Лобачев ауруына шағымданған. Тағы бір дереккөздің айтуынша, қаза тапқан адамның қарыздары көп болған.