Ұлытау облысында Сириядан жеткізілген Ислам мемлекетінің (ДАИШ) құрамында болған ер адамға қатысты қоззғалған іс аяқталды. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ұлытау өңірі тұрғындарының біріне қатысты терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыру мен лаңкестік топтың әрекетіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтаған болатын.
Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ құрамында болғанын тергеу анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстауға және 2023 жылдың маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілуіне мүмкіндік туды.
Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты оны осы қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.
2023 жылғы 22 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді, бұл Қазақстанның халықаралық терроризмге қарсы күрестегі және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге батыл қадамға бару дайын екенін көрсетеді.