АҚШ ДХР мен ЛХР-ға қарсы санкция салды

АҚШ Президенті тиісті жарлыққа қол қойды, оған сәйкес ДХР мен ЛХР-ға қарсы санкция салынады.

Еске сала кетейік! 2021 жылғы 21 ақпанда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин өзін-өзі жариялаған Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының егемендігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды.

Қаулыға сәйкес, АҚШ азаматтарына ДХР мен ЛХР экономикасына кез келген инвестиция салуға, республикалардан АҚШ-қа тура немесе жанама түрде кез келген тауарлар мен технологияларды әкелуге, АҚШ-тан ДХР мен ЛХР-ға кез келген тауарларды экспорттауға тыйым салады.

Жарлықта Мәскеудің аталған республикалардың егемендігін мойындауы «Минск келісімдеріне» қайшы келеді, сондай-ақ Украинаның бейбітшілігіне, тұрақтылығына, егемендігіне қауіп төндіреді делінген. Осылайша бұл «АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына қауіп төндіреді», делінген жарлықта.

Бұған дейін Ақ үй жарлық дайындалып жатқанын жариялаған болатын. Мәлімдемеде Вашингтон «Ресейдің халықаралық міндеттемелерін бұзуына байланысты қосымша шаралар» жариялауға ниетті екендігі айтылған. «Бұл шаралар жеке болып табылады және Ресей Украинаға басып кірген жағдайда одақтастарымыз бен серіктестерімізбен бірлесіп дайындап жатқан қарқынды және қатаң экономикалық шараларды толықтырады», — деп мәлімдеді ол.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ДХР мен ЛХР-ға инвестиция салуға тыйым салу туралы шешім Ресейдің республикалардың егемендігін мойындау арқылы пайда көрмуіне кедергі келтіретінін түсіндірді. Санкциялар Украинаға немесе оның халқына қарсы бағытталмаған, — деді ол.

Блинкен сондай-ақ АҚШ Мәскеудің шешімін қатаң айыптайтынын және мұндай қадам Минск келісімдері аясындағы Ресейдің міндеттемелерінен «толық бас тарту» дегенді білдіреді деп санайтынын атап өтті.

Добавить комментарий