Ұлыбритания астық шығару үшін Украина аумағындағы темір жолдарды жөндеуге $12 млн бөлуді жоспарлап отыр.
Ұлыбритания елден астық шығаруды жеңілдету үшін «Украина темір жолдарын» жөндеуге 10 млн фунт ($12,28 млн) бөлуді көздеп отыр, деп хабарлайды британдық премьер-министр Борис Джонсон.
«Ұлыбритания темір жолдарды жөндеу үшін «Украина темір жолдарына» материалдар мен жабдықтар сатып алу үшін және астықты шығару үшін 10 млн фунт стерлинг бөледі», — делінген хабарламада.
Ұлыбритания Украина үкіметімен «темір жолдардың өткізу қабілетін барынша арттыру және пойыз қозғалысы мен астық жеткізілуді қамтамасыз ету» жөнінде келіссөздер жүргізуде.
Соңғы уақытта әлемнің бірқатар елдердінде азық-түлік дағдарысы байқалуда. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен азық-түлік дағдарысын Ресейдің Украинадағы арнайы операциясымен байланыстырды. Батыс елдерінің басшылары да осылай деп отыр.