Байден әкімшілігі бүгін Украинаға берілетін жаңа әскери көмек пакетін жариялайтынын хабарлады.
Қолда бар мәліметтер бойынша, бұған 2 млрд доллар бөлінді, деп хабарлады CNN дереккөздеріне сілтеме жасап.
АҚШ билігі бұл жолы Украинаға қару-жарақты АҚШ армиясының қоймаларынан жібермейді, оған америкалық компаниялардан тапсырыс береді.
Әңгіме сатып алуларды қайта қаржыландыру және Украинаға арналған жабдықтарға жаңа келісімшарттар туралы болып отыр, олар:
HIMARS дүркіндете ататаын реактивті атыс жүйелері;
155 мм калибрлі артиллериялық оқ-дәрілер;
ұшқышсыз ұшу аппараттарының бірнеше түрі;
ҰҰА-ға қарсы күрес құралдары;
минадан тазартуға арналған жабдық;
байланыс жүйелері;
дайындау және техникалық қызмет көрсету.