Ұлыбритания Украина аумағында әскери қылмыстарды тергейді

Ұлыбритания соғыс қылмыстарын тергеу мақсатында Украина аумағына мамандарын жіберетінін мәлімдеді.

Лондон билігі мамандар «Украина үкіметіне көмектеседі» деп мәлімдеді

Ұлыбритания билігі мамыр айының басында Украинадағы ықтимал құқықбұзушылықтар туралы деректі жинап, әскери қылмыстарды зерттейтін мамандарды жібереді. Бұл туралы Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің жұма күні таратқан мәлімдемесінде айтылған.

Оның мәліметінше, ұрыс аймағындағы жыныстық зорлық-зомбылық оқиғаларын тергеумен айналысып жүрген мамандар «Украина үкіметіне көмектесетін болады».  Олар мамыр айының бірінші жартысында Польшаға келеді, онда «халықаралық әріптестермен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және босқындармен» кездесіп, тергеуде нақты қандай көмек керектігін талқылайды.

Добавить комментарий