Өзбекстан: Ерлер мен әйелдердің құқығы теңестіріледі

Өзбекстан билігі әйелдің қоғамдағы өміріне қатысты мәселеге білек сыбана кірісетінін мәлімдеді.

Елде әйелдер қауымының әлеуметтік рөлін арттыруға баса назар аударылады.

Өзбекстан Олий Мажлисінің заң шығару палатасы ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі туралы заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлады палатаның Telegram-арнасы.

Заңнамаға гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің жаңа механизмі ретінде «гендерлік аудит» және «кешенді гендерлік тәсіл» ұғымдары енгізіледі. Гендерлік аудиттің міндеттері және оны жүргізу тәртібі белгіленеді.

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі республикалық комиссия Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, гендерлік теңдік және отбасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия болып атауы өзгереді.

Добавить комментарий