Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі Украинадан астықты шығаруға рұқсат беруге шақырды

Ұлыбритания Қорғаныс министрі Украина астығын бүкіл әлем күтіп тұрғанын айтып, Ресей билігінен астықты Украина аумағынан шығаруға рұқсат беруге шақырды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

«Астықты барлығы күтіп отыр, Ливия, Йемен, бүкіл әлемдегі адамдар үшін осы астықтың жеткізілуін күтіп отыр. Ресейді адамгершілікке жатпайтын әрекетке бармауға және Украинаның астығын шығаруға, өз басын ойлап астық ұрлауды тоқтатуға шақырамын. Санкциялар жайлы айтпай-ақ қояйық, дұрыс әрекет істейік», — деді Қорғаныс министрлігінің басшысы.

Сонымен қатар, Уоллес РФ-ға қатысты санкцияларды алып тастау идеясын қабылдамай, теңіз маңындағы елдердің Украина астығын бірге алып жүру туралы шешімін жылы қабылдады.

Добавить комментарий