Британия Киевке танктерін береді

Ұлыбритания үкіметі Польшадан кейін Украинаға танк беруді жоспарлап отырғанын жариялады.

Ұлыбритания премьері Қорғаныс министріне алдағы апталарда Украинаға танк беру мәселесін әріптестерімен шешуді тапсырды.

Ұлыбритания үкіметі алғаш рет Украинаға танк беруді жоспарлап отырғанын растады. Бұл туралы Financial Times үкімет өкіліне сілтеме жасап жазады.

Инсайдердің айтуынша, премьер-министр Риши Сунак Қорғаныс министрі Бен Уоллестен алдағы апталарда «танк беруді қоса алғанда, Украинаны қолдауда алға жылжу үшін «серіктестермен бірге жұмыс істеуді» сұраған.

Ұлыбритания басшылығы жауынгерлік танктерді жеткізу соғыс алаңындағы жағдай Украинаның пайдасына шешілетініне сенімді.

«Біз осы соғысты жеңуге септігін тигізетін озық әскери технологияларының көмегімен Украинаға қолдауды жеделдетеміз. Жауынгерлік танктер соғыс алаңындағы украиндықтардың пайдасына шешетіні анық», — деді Даунинг-стрит өкілі.

 

Добавить комментарий