Лукашенконы өз халқына қатысты қуғын-сүргін жасады деп айыптады

2020 жылғы 9 тамызда өткен Беларусь Республикасы Президентінің сайлауында, ресми деректер бойынша, бірінші кезеңде Александр Лукашенко жеңіске жетті. Беларусь азаматтары бұл сайлауды жалған деп санайды. Билік басындағылар  құқық қоғау органдарының көмегімен адам құқықтарын өрескел бұза отырып, бейбіт наразылық шараларын басты.

Мәскеу шетте қалмай, Беларусь билігін тең дәрежеде қолдап та, сынап та келеді.

Беларусьте болып жатқан оқиғаларға қатысты Ресей Федерациясының реакциясы түсініксіз. РФ президентінің спикері Дмитрий Песков Беларусь билігін өз азаматтарына қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін сынға алды.

Кейбір ресейлік саясаткерлер наразылық білдірушілерге қатысты қатаң әрекет етуге шақырды. Ресей Лукашенконы қолдаудың, немесе керісінше оны өз азаматтарына зорлық-зомбылық жасағаны үшін сынға алудың қайсысы өзіне тиімді болатынын әлі шешпеген сияқты

Александр Лукашенконың сұрауы бойынша, Ресейде Беларусь Республикасының билігіне көмек көрсету үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінен резерв құрылды.

Ал, Кремль басшысы Лукашенконы сайлаудан бір тәулік өткеннен кейін жеңісімен құттықтады.

Лукашенконы Ресеймен достық қарым-қатынастағы Сирия, Венесуэла және Өзбекстан елдерінің мемлекет басшылары жаңа президенттік мерзімінің басталуымен құттықтады. Сондай-ақ, Молдова президенті Игорь Додон Батьканы құттықтады. Жоғарыда аталған елдердің басшылары дауыс беру аяқтала салысымен, құттықтауларын жолдады.

Бірде-бір әлемдік лидер ресми нәтижелер жарияланғаннан кейін Александр Лукашенконы құттықтаған жоқ.

Молдова билігі қулыққа басып, Молдова үкіметі Беларусь халқымен бірге екенін жеткізген.

Егер Ресей билігі ауызша ғана бейбіт наразылық білдірушілерге қатысты аяусыз қуғын-сүргін жасағаны үшін Лукашенконы сынап, айыптаса, ал шын мәнінде шетте қалып, Беларусь үкіметіне қарсы ешқандай санкция қабылдамауда.

ЕО-ның Ресейден айырмашылығы, тек сынға алып қана қоймай, нақты іс-әрекеттер қабылдауында.

Брюссельде өз елінің азаматтарына қарсы қуғын-сүргін жасағаны үшін Лукашенко жауапты екендігі айтылды. Еуроодақ Лукашенкоға да, билік басындағы саясаткерлерге де санкция енгізді. Санкциялық тізімге Лукашенконың ұлы да кірді. Жалпы тізімге 15 адам енгізілген.

Сонымен қатар, Еуроодақ сайлауды бұрмалағаны үшін және Беларусь халқына қарсы қуғын-сүргін жасағаны үшін 40 шенеунікке қатысты санкция енгізді. Жаңа президенттік сайлауды халықаралық стандарттарға сай өткізу — ЕО-ның басты ұстанымы.

21 ғасырда кейбір мемлекеттердің басшыларына таңдау еркіндігі кез келген елде болуы тиіс екенін дәлелдеуге тура келеді. Еуроодақ Ресей Федерациясына дұрыс шешім қабылдауды талап етіп, түсіндіріп, жәрдемдесуі тиіс. Қазіргі заманда зорлық-зомбылыққа жол жоқ, барлық мемлекет басшыларына ұнамаса да, президент қайта сайлануы керек.

Добавить комментарий