Мәскеу армияны ұстау үшін білім мен медицинаға жеткілікті қаражат бөлмей жатыр


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-37876-1662411445-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Батыстық сарапшылар Путин Ресей Федерациясында билік басына келгелі бері Ресей әскерінің қажеттілігіне $1,1 трлн жұмсалды деп есептеді. Бұл Ресей Федерациясын мемлекеттік бюджетті әскерилендіру бойынша әлемдік көшбасшылардың біріне айналдырды. Шығындар да қысқармауда.

«Армия шығыны жоғары болғандықтан, Мәскеу жиырма жыл бойы ресейліктердің білім, медицина және басқа да қажеттіліктеріне жеткілікті қаражат бөлмеуде. РФ әскерін «әлемнің екінші әскері» деп атап, оны қуатты және жақсы жабдықталған деп есептеген. «Әлемнің екінші армиясы» мәртебесі Украинаға баса-көктеп кіргенге дейін сақталды. Ресей әскері ауыз толытырп айтарлықтай шығынға ұшырағаны соншалықты, мәліметтерді батыстық сарапшылар растаса, онда бұл армияның әлем тарихындағы рекордтық шығыны болуы мүмкін. Украинадағы оқиғалар көрсеткендей, ресейлік басқыншылар үшін бейбіт тұрғындарға қарсы әскери қылмыстар, балаларды, басып алынған аумақтардағы қалалық билік өкілдерін ұрлау қалыпты жағдай», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Осы саясаттың қорытындысы ретінде саясаттану саласындағы сарапшылар РФ-ның Украина аумағында өз мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндігінің жоқ екенін, дипломатиялық және экономикалық ұстанымдары әлсірегенін айтты.

«Мұндай қорытынды бірқатар факторларға байланысты жасалып отыр. Негізгілері Украина Қарулы күштерінің батыл түрде тойтарыс беруі және Ресей армиясындағы жаппай жемқорлық», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар өз материалдарында.

Сонымен қатар британдық барлау қызметі Кремль Ресей бөлімшелерінің қауқарсыздығы мен Украина Қарулы Күштерінің батыл түрде тойтарыс беруіне байланысты әскери науқанды бәсеңдетуге мәжбүр екендігі туралы дерек барын мәлімдеді.

Forbes 25-26 маусымда Ресей құны 220 млн. долларға жететін 60-80 алыс қашықтыққа арналған зымыран ұшырды деп есептеді

Украиналық әскери сарапшы Олег Жданов Ресей құрлықтағы әскерлердің соңғы резервін соғыс алаңына жібергенін мәлімдеді. Украинаның ресми өкілдер Ресей қарулы күштері ұрыс қимылдары басталғалы бері кадрлық қиындықтарға ұшырағанын хабарлайды.

«Басқыншылардың қаза тапқан және жарақат алған сарбар саны едәуір артқан соң, РФ-да келісімшартқа қол қойып, соғысқа аттанғысы келетіндер саны айтарлықтай азайды. Осылайша, РФ-ның депрессивті өңірлеріндегі мобилизацияның бәсеңдеуі Кремльді «орталық облыстар» — Мәскеу және Ленинград облыстарынан адамдарды жұмылдыруға мәжбүр етуде», — деп жазады украиналық БАҚ.

Forbes 25-26 маусымда Ресей құны 220 млн. долларға жететін 60-80 алыс қашықтыққа арналған зымыран ұшырды деп есептеді

«Украинаға қарсы соғыстың алты айында ресейліктер зымырандарды есептемегенде құны 16,56 млрд. доллар болатын 12 142 техникасынан айырылды, ал басқыншылардың ең үлкен шығыны «Мәскеу» крейсері. Украина қалалары бойынша басқыншылар атқан зымырандардың жалпы құны бөлек мақала қылып жазса болады. Мәселен, украиндық Forbes 25-26 маусымда Ресей құны 220 млн. долларға жететін 60-80 алыс қашықтыққа арналған зымыран ұшырды деп есептеді. Соғыс басталғалы РФ Украинаға 3000-нан астам зымыран жіберді», — деп хабарлады украиналық сарапшылар президент Владимир Зеленскийдің сөзіне сілтеме жасап.

«Бұл қаражатты әлеуметтік стандарттары жоғары, медициналық, білім беру қызметтері жоғары демократиялық гүлденген мемлекет қалыптастыру үшін жұмсауа болатын еді. Оның орнына, Ресей Иран және Солтүстік Корея сияқты елдердің қатарына қосылып, ал РФ азаматтары соғыс алаңында қырылуы мүмкін», — деп түйіндейді саяси технологиялар саласындағы украиналық сарапшылар.

Добавить комментарий