Лукашенко Президенттің іс басқармасы басшысының ​отставкасын қабылдад

Мемлекет басшысы Александр Лукашенко республика президентінің іс басқарма басшысы Виктор Шейманның отставкаға кетуін қабылдады. Ол оған атқарған қызметі үшін алғысын білдірді.

«Сен бірнеше рет отставкаға кету туралы рапорт жаздың. Мен бұған келісімді бермедім. Бірақ мен уақыт келгенін түсінемін, өмірден аларынды алдың. Мен саған барлық атқарған қызметің үшін шынайы алғысымды білдіремін», — деді Лукашенко.

Агенттіктің мәліметінше, Лукашенко Шейманның отставкаға кетуін қабылдады, ол мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейн қызметінен кетеді.

Лукашенко Шейманның өмірлік мол тәжірибесі бар екенін және Ауғанстанда жас лейтенант шенінен генерал-полковникке дейін өсіп, ұзақ мансаптық жолдан өткенін атап өтті. Ол елге қызмет етіп жүрген, генерал погоны бар жалғыз шенеунік

«Отбасы, бала-шаға, және басқа да көптеген мәселелер бар екенін түсінемін. Сондықтан мен сенің өміріңдегі жаңа тарауымен келісемін, осылай деп айтып өтейін, — деп атап өтті Лукашенко. — Алыстап кетпеуіңді, мемлекеттен мүлдем жоқ болып кетпеуіңді және қажет болған жерде қол ұшын созуыңды сұраймын. Осы уақытқа дейін әрдайым жасап келгендей».

Бұл ретте президент Шейманнан «әдеттегідей Кубаны, Венесуэланы және Африкадағы «құйрықтарын» [сияқты елдерді] үкіметке тапсырғанша өз мойнына алуды» сұрады.

«Мұнымен одан әрі кім айналысатынын белгілі болғанша, мұны өзіңе қалдыруыңды сұраймын. Қайталаймын: алысқа кетіп қалма. Беларусь төңірегіндегі қандай жағдай орын алғанын көріп тұрсың ба? Елді қорғау үшін, қолымызға автомат алып жүруімізден құдай сақтасын. Жағдай оңай емес», — деді Лукашенко.

Добавить комментарий