Украина Мариупольдегі «Азовсталь» зауытына зымыран-бомбалық шабуылдар жасалғанын хабарлады

УКҚ Бас штабы Мариупольдегі «Азовсталь» зауытына жасалған зымыран-бомбалық соққылар жасалғанын хабарлады.

Аталып өткендей, РФ Шығыс операциялық аймағындағы шабуыл барысында Біріккен күштер тобын тізе бүктірмек болған.

УҚК Бас штабы РФ әскерилері Мариупольдегі «Азовсталь» зауытында украиналық әскерилердің позициясын атқылағанын мәлімдеді. Бұл туралы әскери органның баспасөз қызметі Facebook-те хабарлады.

«Мариуполь қаласында жау әскерилері «Азовсталь» зауыты аумағындағы әскерлеріміздің позицияларына зымыран-бомбалық соққылар жасады. Попасная елді мекеніне шабуыл жасауда», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Донецк және Таврия бағыттарындағы УКҚ позициялары артиллериялық шабуылға ұшырады.

«Жау әскерилері Біріккен күштер тобын тізе бүктіру, Донецк және Луганск облыстарының аумағына толық бақылау орнату және аталған аумақтар мен басып алынған Қырым арасындағы құрлық жолын қамтамасыз ету мақсатында Шығыс операциялық аймағына шабуыл жасап жатыр», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Добавить комментарий