Беларусь Президенті Александр Лукашенко Батыстың Ресейге шабуыл жасау туралы жоспарын білетінін мәлімдеді.
Олардың бағыттары белгілі, деп мәлімдеді Беларусь Президенті
«Соңғы кездері және біз бұл мәселені кеше Ресей Федерациясының президенті [Владимир Путинмен] егжей-тегжейлі талқыладық, Ресейге шабуыл жасау бойынша стратегиялық жоспарлар әзірленуде. Шабуылдың басты бағыты, тарих қайталануда — Украина арқылы және Беларусь арқылы», — деді Лукашенко сейсенбі күні әскери ЖОО түлектері мен жоғары офицерлер құрамына құрмет көрсету рәсімінде, деп хабарлайды БелТА агенттігі.
11 шілдеде Беларусь пен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесіп, қос елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, өңірдегі жағдай, арнайы әскери операция барысын талқылады.