Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің қазаcына қатысты тергеу: Тың дерек

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 2023 жылғы 9 қазанда қайтыс болған Ұлттық ұланның әскери қызметшісінің өліміне қатысты тың деректі жариялады.

Ақпаратқа сәйкес, түнгі сағат 01:00-де Ұлттық ұлан 6636 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы Сұлтанов кезекші бөлімшенің құрамында бола тұра, бекітілген штаттық қарудан өзінің басына жарақат салып, салдарынан қаза болды.

Қазақстан ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы Серікбай Құсайынов аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша өзін-өзіөлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады. Оны тергеу тәжірибелі қызметкерлерден құрылған жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Қазіргі уақытта оқиға орны қаралып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Айғақтар, атап айтқанда қаза тапқан әскери қызметшінің ұялы телефоны мен бейнебақылау камераларының жазбалары алынды.

Серікбай Құсайынов қатардағы Сұлтановтың оқиға орнында жалғыз болғаны анықталғанын атап өтті.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және тергеудің жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін Сұлтановтың әскери әріптестерінен, оның командирлерінен, басқа адамдардан жауап алу, сондай-ақ тиісті кешенді сараптамалық зерттеу шаралары жүргізілуде. Жәбірленуші жақтың уәждері де толық тексеріледі. Алдын-ала тергеу нәтижелері бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.

Бұдан өзге ақпарат тергеу мүддесінде Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Добавить комментарий